Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы (2012.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы (бұдан әрі - Индустрияландыру картасы); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалық топтар ай сайынғы негізде «Қазақстан Республикасында инвестициялық үрдістерді басқару» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне ұсынсын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат және Индустрияландыру картасын өзекті ету жөнінде ұсыныстар берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|