Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Қабылданды - ҚР 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1107 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 5 345 617 913 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 3 736 035 959 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 58 833 042 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 33 557 500 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 1 517 191 412 мың теңге; 2) шығындар - 6 028 203 930 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 27 322 863 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 96 487 080 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 69 164 217 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 75 266 800 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 75 596 800 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 330 000 мың теңге; 5) тапшылық - -785 175 680 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,1 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 785 175 680 мың теңге. 2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 17 077 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 680 721 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін. 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2013 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін: бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|