ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген
«Аса жеңіл авиация әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру»
1. «Аса жеңіл авиация әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 44-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 қаулысымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны аса жеңіл авиация әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде; 2) осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|