ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1399 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты алып тасталды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген
(2013.26.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі халыққа қызмет көрсету қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметті автоматтандыруды қадағалау комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Мемлекеттік республикалық кәсіпорындары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде); 2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде; 4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жүргізушілердің, тасымалдаушының, сервис орталықтарының электрондық (цифрлық) тахографтарына электрондық карточкаларды (бұдан әрі - карточка) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|