ҚР Үкіметінің 2014.26.03. № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген
«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты (2013.26.08. берілген өзгерістермен)
1. «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде); 2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде; 4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған. 5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|