ҚР Үкіметінің 2014.12.03. № 229 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2013.26.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы 17-бабының 9) тармақшасына, «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына (бұдан әрі - Диплом беру қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде); 2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде; 4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|