Осы редакция 2012 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру»
1. «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады, сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметімен ұсынылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия беру немесе оны қағаз жеткізгіште беруден бас тарту болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он жұмыс күнін; орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - отыз жұмыс күнін құрайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|