Қазақстан Республикасы Президентінің (2009.21.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған АЭА туралы ереже бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жыл 19 желтоқсан
№ 495
Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығымен бекітілген «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2009.21.09. № 873 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан. АЭА-ның аумағы 3475,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. ҚР Президентінің 2009.21.09. № 873 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. АЭА: қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобалар әзірлеу және іске асыру; мемлекеттік - жеке меншік серіктестік тетіктерінің негізінде мұнай-химия өндірістердің құрылысына және оларды кешенді дамытуға инвестициялар тарту; жаңа өзара байланысты, тиімділігі жоғары әрі инновациялық мұнай-химия өндірістерін салу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|