|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. Шалғай жатқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тіркеуге өтініш беру бойынша Мобильді орталық арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге жол беріледі. Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы да алуға болады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 257-267-баптары, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 537-бабы, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабы және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стендтерде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК-сі): www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде; 4) порталда орналастырылған; Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат call-центр телефоны (1414) арқылы да беріледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: 1) уәкілетті органда: атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу және қағаз тасушыда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен, түзетулерімен құжатты берген уәкілетті тұлғаның қолы қойылған жаңа куәлікті қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап қағаз тасығышта беріледі; 2) орталықта: атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қағаз тасығышта не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта беру; енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен, түзетулерімен құжатты берген уәкілетті тұлғаның қолы қойылған жаңа куәлікті қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру. 3) порталда: уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанында атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарламаны не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты электрондық құжат нысанында алу болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: уәкілетті орган немесе портал арқылы жүгінген кезде: атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш Республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Басқа мемлекеттің аумағына сұрау салу қажет болған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, басқа органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 3) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; орталық арқылы жүгінген кезде: 1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш Республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Басқа мемлекеттің аумағына сұрау салу қажет болған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, басқа органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті тұтынушыны қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 3) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызметті көрсету - ақылы. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. Мемлекеттік қызметті алуға портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі. 1) уәкілетті органның жұмыс кестесі: күн сайын, сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі; 2) орталықтың жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі. Мобильдік орталықтар бекітілген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады; 3) порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы. 10. Уәкілетті органның үй-жайында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттері болады, онда мемлекеттік қызметті мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға көрсетуге жағдайлар қарастырылған. Кабинеттерде толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан. Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар мемлекеттік қызметті алушының тұратын жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мемлекеттік қызметті мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға немесе орталыққа: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы); 2) 2008 жылға дейін туған адамдар үшін мемлекеттік қызметті алушының туу туралы куәлігін; 3) өкілдің уәкілеттілігін растайтын құжат; 4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлікті; 5) егер мемлекеттік қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, балалардың туу туралы куәліктерін (2008 жылға дейін туған жағдайда); 6) егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алуды не әке болуды анықтауды 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін бала асырап алу туралы куәлікті не әке болуды анықтау туралы куәлікті; 7) егер мемлекеттік қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті; 8) мемлекеттік қызметті алушының екі фотосуретін; 9) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі. Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сонымен қатар, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады. Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін мемлекеттік қызметті алушы: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 4-қосымшасы); 2) азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуіне байланысты ауыстыруға жататын, азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамасы; 3) азаматтық хал актісіне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіздеменің бар екендігін растайтын құжатты; 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты; 5) өкілдің өкілеттілігін растайтын құжатты ұсынады. Порталға атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін жүгінген кезде: 1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу; 2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сонымен қатар, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады; 3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат. Егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылға дейін жүргізілсе, мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды сканирленген көшірме ретінде электрондық сұрау салуға қоса береді. 12. Өтініш үлгісі www.e.gov.kz порталында, сонымен қатар Әділет министрлігінің: www.minjust.kz интернет-ресурсында («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» кіші бөлімі) немесе уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылған. Бекітілген нысандардағы өтініш бланкілері орталықтардың күту залындағы арнайы тағандарда, сонымен қатар «Орталық» РМК-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Порталға жүгінген кезде электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтыру қажет. 13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның маманына тапсырылады. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүргізіледі. Порталда электрондық сұрау салу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүргізіледі. 14. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды уәкілетті органда қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы: 1) өтініштің қабылданған күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны; 3) құжаттарды беру күні мен уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген қолхат беріледі. Орталыққа жүгінген кезде - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы: 1) өтінішті қабылдаған нөмірі мен күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру орны мен күні (уақыты); 5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі; 6) мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты, тегі, уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты, тегі және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама - есеп жіберіледі. 15. Дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның маманы қолхат негізінде мемлекеттік қызметті алушының онда көрсетілген мерзімде келген кезінде жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға беруді қолхат негізінде орталық инспекторы «терезе» арқылы онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. Порталға жүгінген кезде қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық ұсынылмағаны анықталған жағдайда (міндетті жолдардың толтырылмауын қоса алғанда), мемлекеттік қызметті алушыға құжаттар тапсырылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде жазбаша негіздегі дәлелді бас тарту беріледі. Уәкілетті органда құжаттарды сақтау және жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылмаған құжаттарды көрсете отырып қолхат береді. Мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды мерзімінде алуға келмеген жағдайларда орталық 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде дәлелді бас тартуды уәкілетті органда жазбаша түрде немесе порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрде алады.
17. Уәкілетті органның, орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшейді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Мемлекеттік қызметті тұтынушы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа және порталға жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталықта шағым тікелей орталықтың басшысына беріледі. Орталықтың жауабымен келіспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық РМК-ге беріледі. 22. Орталықтың қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы. 23. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндері қолма-қол осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да уәкілетті органға түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштері журналына тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызметті алушы шағымын қолма-қол өткізген жағдайда оны қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде пошта арқылы да және қолма-қол арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны орталықтың кеңсесінде немесе «Орталық» РМК-да тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызметті алушының шағымын қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. Портал арқылы жүгінген кезде. Портал арқылы өзінің «жеке кабинетінен» электрондық өтініш жібергеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті мемлекеттік органда өңдеу барысында (табыс етілуі туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) жаңартылып отырылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz. 26. «Орталық» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 87172-94-99-95 көшесі, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |