|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. Шалғай жатқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тіркеуге өтініш беру бойынша мемлекеттік қызметті Мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 184-бабы, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасыны4 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 537-бабы, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стендтерде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК-сі): www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады; Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: 1) уәкілетті органда: азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлікті беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады; 2) орталықта: азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлікті беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: уәкілетті орган арқылы көрсетілген кезде: 1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш Республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, 30 күннен (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) аспайтын мерзімге ұзартылады; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; орталық арқылы көрсетілген кезде: 1) республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде азаматтық хал актісі жазбасын қалпына туралы өтініш күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа органдарға сұраныс жасау қажет болған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті тұтынушыны қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, 30 күннен (қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) аспайтын мерзімге ұзартылады. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, 30 күннен (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) аспайтын мерзімге ұзартылады; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызметті көрсету ақылы. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. 1) уәкілетті органға жүгінген кезде: күн сайын, сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі; 2) орталыққа жүгінген кезде: мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі. Мобильдік орталықтар бекітілген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. 10. Уәкілетті органның үй-жайында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер болады, онда мемлекеттік қызметті мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға көрсетуге жағдайлар қарастырылған. Кабинеттерде толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан. Мемлекеттік қызмет сонымен қатар мемлекеттік қызмет алушының тұрған жері бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда мемлекеттік қызметті мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға немесе орталыққа: азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы); 2) азаматтық хал актілерін тіркеу кітабында акті жазбасының жоқтығы туралы жоғалтылған жазба болған жері бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасын; 3) мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімін; 4) мемлекеттік қызметті алушының және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы толық деректері көрсетілген өмірбаянын; 5) еңбек кітапшасының көшірмесін, егер мемлекеттік қызметті алушы студент болса - оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтаманы; 6) егер мемлекеттік қызметті алушы әскери міндетті болса әскери билеттің көшірмесін; 7) мемлекеттік қызметті алушының екі фотосуретін; 8) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжатты ұсынады. Егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылға дейін жүргізілген болса, келесі құжаттардың көшірмелері тапсырылады: 9) егер некеде (ерлі-зайыптылықта) болатын болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің; 10) егер бар болатын болса, балалардың тууы туралы куәліктерінің; 11) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктердің; 12) ата-анасының неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің (егер бар болса); егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметі уәкілетті орган және орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады; 13) өкілдің уәкілеттілігін растайтын құжаттың; 14) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың; Орталық жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметті тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында алады; 15) егер мемлекеттік қызметті алушы зейнеткер болатын болса, зейнеткер куәлігінің (орталыққа жүгінген кезде мәлімет тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйелері арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында түседі). Орталық жұмыскері құжаттардың түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады. Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшіп келгені туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініштері туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен өзгедей көзделмеген болса, шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары берген және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар заңдастырылуы тиіс. Шетелдік азамат берген құжаттарымен қатар, оның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынуы тиіс. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін мемлекеттік қызметті тұтынушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды: (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады. 12. Өтініш үлгісі www.e.gov.kz порталында, сонымен қатар Әділет министрлігінің: www.minjust.kz интернет-ресурсында («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» кіші бөлімі) немесе осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары көрсетілген уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылған. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырылады: www.con.gov.kz. 13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның маманына тапсырылады. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орталықтарда операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүргізіледі. 14. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды уәкілетті органда қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы: 1) өтініштің қабылданған күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны; 3) құжаттарды беру күні мен уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген қолхат беріледі. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде мемлекеттік қызметті тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы: 1) өтініштің қабылданған нөмірі мен күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны; 5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген қолхат беріледі. 15. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға беруді орталықтың инспекторы «терезе» арқылы күн сайын онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. 16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық ұсынылмағаны анықталған жағдайда (міндетті жолдардың толтырылмауын қоса алғанда), мемлекеттік қызметті тұтынушыға құжаттар тапсырылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде жазбаша түрдегі дәлелді бас тарту беріледі. Уәкілетті органда құжаттарды сақтау және жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылмаған құжаттарды көрсете отырып қолхат береді. Мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды мерзімінде алуға келмеген жағдайларда орталық 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.
17. Уәкілетті органның, орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшейді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Мемлекеттік қызметті алушы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа немесе портал арқылы жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы да алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталықта шағым тікелей орталықтың басшысына беріледі. Орталықтың жауабымен келіспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-ге беріледі. 22. Орталықтың қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы. 23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндері қолма-қол осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да уәкілетті органға түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштері журналына тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызметті алушы шағымын қолма-қол өткізген жағдайда оны қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны орталықтың немесе «Орталық» РМК-нің кеңсесінде тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызметті алушының шағымын қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz. 26. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайлары
жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |