|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - уәкілетті органдар) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8, 8-1, 8-2, 9-баптарының, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 14) тармақшасының, 27-бабы 1) тармақшасының, 42, 43, 44, 45, 46, 47-баптарының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат: 1) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық әділет органдарының интернет-ресурстарында; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz интернет-ресурсында; 3) уәкілетті органның стенділерінде; 4) порталда орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты сондай-ақ порталдың call-орталығының телефоны (1414) бойынша алуға болады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: уәкілетті органда - Комиссияның аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімді беруі; уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңба қойған электрондық құжат нысанында адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны порталда беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкін болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі. Аттестаттаудан өтуге адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру мына санаттағы: 1) Комиссияда аттестаттаудан өткендерге адамдарға; 2) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдарға; 3) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9)және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға; 4) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдарға жүзеге асырылады. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті органға жүгінген сәтінен бастап: уәкілетті органда аттестаттаудан өту тоқсанына бір рет жүзеге асырылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру: уәкілетті органға немесе порталға жүгінген сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. 1) аттестаттаудан өткізу тегін көрсетіледі; 2) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алым белгіленген. Лицензиялық алымның сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алымды төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді. Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. 1) уәкілетті органда - мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі; 2) порталда тәулік бойы көрсетіледі. 1) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органдардың ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіру есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсатнама бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті органдардың үй-жайларында күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген; 2) порталда жеке кабинетте көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Аттестаттаудан өту үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мынадай құжаттар тізбесін: 1) өтінішті; 2) жоғары заң білімі туралы дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 3) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамаларды; 4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы; 5) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды) ұсынады. Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) өтінішті; 2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 3) адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту туралы Комиссияның шешімін (шешім электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды); 4) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды); 5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, адвокаттық қызмет түрлерімен айналысуға бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамаларды; 7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады. Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) өтінішті; 2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, адвокаттық қызмет түрлерімен айналысуға бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 4) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтаманың көшірмесін (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған); 5) сотта тағылымдамадан өткені және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірі туралы құжаттың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 6) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды); 7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамаларды; 8) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады. Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) өтінішті; 2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, адвокаттық қызмет түрлерімен айналысуға бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) сот лауазымына тағайындау және сот лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының көшірмесін; 4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 5) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамаларды; 6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады. Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) өтінішті; 2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, адвокаттық қызмет түрлерімен айналысуға бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін; 4) прокуратура немесе тергеу органдарында жұмыс өтілін растайтын немесе атқарған лауазымынан босатылу себебін қамтитын еңбек кітапшасының немесе өзге құжатының (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі) көшірмелерін; 5) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды); 6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды; 7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады. Лицензияны қайта ресімдеу жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген кезде (болған кезде) жағдайда жүзеге асырылады. Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті төменде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде береді. Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мыналарды: 1) лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті; 2) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, адвокаттық қызмет түрлерімен айналысуға бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 4) тегін, атын және әкесінің атын ауыстырғанын растайтын куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 5) лицензияның түпнұсқасын (лицензиат қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін лицензиарға бұрын берілген лицензияны қайтарады); 6) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, берілген медициналық анықтамаларды; 7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады. Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын алуға құқығы бар. Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса, лицензиат телнұсқасын алмай-ақ, өтініш бойынша оны электрондық форматқа көшіруге құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоғарғы оң жақ бұрышында жаңа нөмір бере отырып, лицензияның телнұсқасын береді. Лицензияның телнұсқасын беру үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мыналарды: 1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтінішті; 2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, адвокаттық қызмет түрлерімен айналысуға бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 4) лицензияның түпнұсқасын (лицензия бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алғанға дейін лицензиарға бұрын берілген лицензияны қайтарады); 5) лицензияның жоғалғанын растайтын құжатты; 6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды; 7) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады. Порталда: мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады. Құжаттардың деректері: Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; 2) жоғары заң білімі туралы дипломының (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 3) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты; 4) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді; 5) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 6) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі) ұсынады. Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; 2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты; 3) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 5) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтаманың (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 6) сотта тағылымдамадан өткені және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірі туралы құжатты (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 7) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады. Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; 2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты; 3) сот лауазымына тағайындау және сот лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығын (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 4) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 5) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады. Лицензия алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар - теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар уәкілетті органға мыналарды: 1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; 2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты; 3) прокуратура немесе тергеу органдарында жұмыс өтілін растайтын немесе атқарған лауазымынан босатылу себебін қамтитын еңбек кітапшасын немесе өзге құжатын (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 4) тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды не электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 5) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 6) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады. Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мыналарды: 1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; 2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты; 3) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 4) тегін, атын және әкесінің атын ауыстырғанын растайтын куәліктің көшірмесі (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 5) лицензияның түпнұсқасын (лицензиат қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін лицензиарға бұрын берілген лицензияны қайтарады); 6) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады. Лицензияның телнұсқасын беру үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға мыналарды: 1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының; 2) лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ақпаратты; 3) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берілген медициналық анықтамаларды (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі); 4) лицензияның түпнұсқасын (лицензия бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алғанға дейін лицензиарға бұрын берілген лицензияны қайтарады); 5) лицензияның жоғалғанын растайтын құжатты (электрондық сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі) ұсынады; 6) соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады. 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін: уәкілетті органдарда: 1) аттестаттаудан өту үшін еркін нысанда өтініш береді, оның үлгісі Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсында орналастырылған; 2) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беруге мемлекеттік қызмет алушы «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 қаулысымен бекітілген белгіленген үлгідегі өтінішті толтырады, оның үлгісі Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет. 13. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі аттестациялық комиссия жүргізетін аттестаттауға құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органының кеңсесі жүзеге асырады. Адвокаттық қызметпен айналысуға құжаттарды қабылдау және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің кеңсесі жүзеге асырады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады. 14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесін көрсетілген орган құжаттардың қабылданған күнін көрсете отырып, өтініш берушіге жібереді (береді). Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, онда мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіледі. 15. Аттестаттаудан өткені туралы не өтпегені туралы шешім осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей беріледі. 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден: 1. Уәкілетті органда егер: 1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар ұсынылмаған; 2) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысқан; 3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |