Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылуы туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (А.А. Аманқабжан) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрық көшірмесін жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақша төлемдерін салымдар немесе карт-шот бойынша шотқа олардың сомаларын аудару жолымен Қазақстан Халықтық банкі филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері төлеуінің Уақытша тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 15 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 616 болып тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|