«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгерістер енгізу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 703-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы.»; қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары бекітілсін.»; Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|