Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2013.18.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен ; ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1788 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы ұсынылады.»; 7-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күнінен бастап - 30 жұмыс күні;»; 9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жұмыс уақыты: Орталыққа жүгінген кезде: 1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады; веб-портал арқылы жүгінгенде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|