ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1399 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты алып тасталды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет стандарты (2013.26.08. берілген өзгерістермен)
1. «Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтарының тізбесіне енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің үйлесімі және мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау бойынша комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 9-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына «Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, және тахографтарды қолдану қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде); 2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде; 4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|