«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiлiп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары бекiтілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|