Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы (2005 ж. 19 мамырға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2013 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» 2000 жылғы 28 шiлдедегі № 422 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 286 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн: 1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер; 4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттік халықаралық бағыттар желісіне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темір жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер; 5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi; 6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздеріндегі суды көтеретін бөгеттер; 7) ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратын ауруларды, жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөніндегі объектiлер), сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн облыстың, қаланың, ауданның аумағындағы жалғыз мемлекеттік медицина ұйымдары болып табылатын медициналық ұйымдар; 8) халықты әлеуметтік қорғау объектілері, балалар үйлері, сәбилер үйлері, қарттар үйлері. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, балалар мен қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар мен санаторийлер; 9) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары; 10) мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектілерi. ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. № 402 қаулысымен қаулы 1-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1233 қаулысымен 1-1- тармақ жаңа редакцияда 1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» және «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін. ҚР 2002 ж. 10 қазандағы № 1107 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мыналар: 1) 1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi; 2) 2-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi бекітілсiн. 3. «1999-2000 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 тамыздағы № 1198 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 368-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 30.07.02 ж. № 850; 10.10.02 № 1107; 20.05.03 ж. № 467 (бұр.ред. қара) ; 22.08.03 ж. № 846 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына 1-қосымша 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң iргелi бағдарламалары бойынша жұмыс iстейтiн ғылыми-техникалық саланың мемлекеттік ұйымдары. 2. Мемлекеттік және жұмылдыру резервiнiң жылжымайтын мүлкi мен екiұдай мақсаттағы өнiм шығару жөніндегі жұмылдыру қуаттары. 3. Әскери комиссариаттардың немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен азаматтық қорғаныс бойынша жұмылдыру тапсырмалары бар әскери бөлiмдер мен ұйымдарға тiркелiп берiлген мүлiк. 4. Әскери-техникалық мақсатты қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде көрсетiлген салада, сондай-ақ әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық өшiру салаларында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыруды және алып жүрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттік ұйымдар мен объектiлер. 5. Әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын қамтамасыз етуге байланысты әуе қозғалысын, телекоммуникация желілерiн, инженерлiк желiлердi басқару жүйесiнiң аэронавигациялық қондырғылары. 6. Бақылау, қадағалау және өзге де мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар. 7. Картографиялық-геодезиялық, гидрометеорологиялық мемлекеттік ұйымдар, обсерваториялар, метеостанциялар және сейсмостанциялар. 8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-эксперименталды мемлекеттік ұйымдары, астық және тұқымдық сараптау фитосанитарлық мониторингтiң мемлекеттік ұйымдары, сорттық сынау станциялары мен учаскелерi, карантиндiк питомниктер, карантиндi-интродуктивтi зертхана. 9. Мемлекетаралық, облысаралық маңызы бар магистральдi каналдар. 10. Жануарлар ауруларының диагностикасы бойынша референттiк функцияларды, жабайы фаунаның эпизоотикалық мониторингiн, тiркеу сынақтары мен малдәрiгерлiк препараттар серияларын бақылауды, малдәрiгерлiк препараттардың республикалық резервiн сақтауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың айрықша қауiптi жұқпалы ауруларының диагностикасын және олардың таралу ошақтарын жоюды жүргiзетiн мемлекеттік малдәрiгерлiк ұйымдар. 11. Мемлекеттік патент жүргiзу ұйымдары. 12. Қатты және сұйық радиоактивтi қалдықтарды ұқсататын, жоятын және көметiн мемлекеттік ұйымдар, объектiлер мен жабдықтар, мал қорымдары. 13. Молалар мен крематорийлер. 14. Фельдъегерлiк байланыс мүлкi. 15. Жануарлар әлемiн және балық қорын (бейiмдейтiн станциялар, балық питомниктерi, уылдырық өсiру шаруашылықтары) қалпына келтiруге маңызы бар мемлекеттік ұйымдары. 16. Жер қойнауы, жер асты сулары және қауiптi геологиялық процесстер мониторингi, мемлекеттік торабының мүлкi мен қадағалау пункттерi. 17. Жануарлар әлемiн сақтау, орманды қорғау және оларды қалпына келтiру жөніндегі мемлекеттік ұйымдар. 18. Мектепке дейiнгi және орта кәсiптiк білім беру мемлекеттік ұйымдары. 19. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң қарамағындағы республикалық маңызы бар мәдениет объектiлерi, сондай-ақ, коммуналдық меншiктегi театрлар, мұражайлар, кiтапханалар және концерттiк ұйымдар. 20. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi. 21. Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі; 22. Дәрілік заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына 2-қосымша
2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi Тізбе өзгерістер және толықтыруларымен 2005 ж. 19 мамырға берілген 1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100% 2. «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100% 3. «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясы» ЖАҚ (Алматы қаласы) 100% 4. «KEGOC» ААҚ - (Kazaksta№i Electricity Grid Operati№g Compa№y Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстан ұлттық компаниясы) (Алматы қаласы) 100% 5. «Қазтеңiзкөлiкфлот» ұлттық кеме жүзу теңiз компаниясы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100% 6. алынып тасталды 7. «Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100% 8. «Эксимбанк Қазақстан» ЖАҚ (Алматы қаласы) 100% 9. С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» ААҚ (Алматы қаласы) 90% 10. «ЗИКСТО» ААҚ (Петропавл қаласы) 90% 11. «Ғылым-Шығыс» ААҚ (Көкшетау қаласы) 90% 12. «Омега» ААҚ (№ 58А корпусын қоспағанда) (Орал қаласы) 90% 13. «Гидроприбор» ҒЗИ ААҚ (Орал қаласы) 90% 14. «Зенит» Орал зауыты» ААҚ (№ 16 корпусын, өнеркәсіп базасын қоспағанда) (Орал қаласы) 90% 15. «Металлист» Орал зауыты» ААҚ (Орал қаласы) 90% 16. «Шельф» ААҚ (Атырау қаласы) 90% 17. «Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы» ААҚ (Алматы қаласы) 100% 18. «Тыныс» ААҚ (Көкшетау қаласы) 90% 19. «Шардара СЭС» ААҚ (Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шардара қаласы) 100% 20. «Бұқтарма СЭС» ААҚ (Өскемен қаласы) 90% 21. «Шульба СЭС» ААҚ (Өскемен қаласы) 90% 22. «Өскемен СЭС» ААҚ (Өскемен қаласы) 90% 23. «Республикалық инновация қоры» ЖАҚ (Алматы қаласы) 100% 24. «Биомедпрепарат» ААҚ (Ақмола облысы, Степногор қаласы) 85% 25. «ҚазжолҒЗИ» ААҚ (Алматы қаласы) 90% 26. «Қазқараметавтоматика» ААҚ (Қарағанды қаласы) 90% 26. «ҚазАгроҚаржы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100% 27. «Индустриалдық парк» ААҚ (Астана қаласы) 100% 28. «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ААҚ (Атырау қаласы) 100% 29. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ (Астана қаласы) 100% 30. «Тың машина сынау станциясы» ААҚ (Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Никольское ауылы) 100% 31. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» ЖАҚ 32. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ААҚ (Петропавл қаласы) 90% 33. «С.М.Киров атындағы зауыт ӨБ» ААҚ (Петропавл қаласы) 90% 34. «Семей машина жасау зауыты» ААҚ (Семей қаласы) 90% 35. «Астана-құс» асыл тұқымды шаруашылығы ААҚ (Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Александровка ауылы) 70%; 36. «Асыл түлік» ААҚ (Астана қаласы, Макинск тұйық көшесі, 8) 76,88%. 37. «Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты ЖАҚ (Алматы қаласы) 54 пайыз». 40. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ААҚ (Астана қаласы) 100% 41. «Казахстанская правда» республикалық газеті» ААҚ (Астана қаласы) 100%. 42. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100%. 43. «ҚазАвтоКөлiк» АҚ» (Астана қаласы) 100%. 44. «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhsta№ e№gi№eeri№g) ұлттық компаниясы» ААҚ» (Астана қаласы) 100 % 45. «Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (Алматы қаласы) 100 %». 46. «Қазақ газеттері» ЖАҚ (Астана қаласы) 100%. 47. «Жас өркен» ААҚ (Астана қаласы) 100%. 48. «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ЖАҚ (Астана қаласы) 100%. 49. «Қазақжарылысөнеркәсiбi» ААҚ (Алматы қаласы) 100 % 50. «Ұлттық тiркеу орталығы» ААҚ (Астана қаласы) 100 % 51. «Қазагрэкс» АҚ (Астана қаласы) 100% 52. «Көлік медициналық қызметі» ААҚ (Алматы қаласы) 34% 53. «Азаматтық авиация академиясы» АҚ (Алматы қаласы) 80 % 54. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны» АҚ (Астана қаласы) 50%; 55 «ҚазҚуат» АҚ» (Алматы қаласы) 100 %. 56. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ (Алматы қаласы) 100 % 57. Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (Астана қаласы) 100%
|