Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді 1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 каңтардағы № 70 қаулысымен бекітілді
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан
1. Осы Ереже өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру (бұдан әрі - Ереже) тәртібін айқындайды. 2. Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат алудың субъектілері болып табылады. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді. 6. Рұқсат алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі рұқсат алуға өтініш; 2) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) өнімді қайта өңдеу шартының (келісім-шартының) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқа; 7) егер ішкі нарықта өндіру, сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын өнім қызмет мәні болып табылса, қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыруга арналган лицензияның көшірмесі; 8) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 177-бабында белгіленген тәртіппен тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы қорытындысының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетілген қорытындыны ұсыну талап етілмейді. Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері заңды тұлғалар үшін өтініш берушінің мөрімен және бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталуы тиіс. 7. Рұқсат беру үшін уәкілетті органға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі. 8. Рұқсатты уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттары бар өтінішті ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде рүқсат береді не рүқсат беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді. 1) өтініш берушілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған; 2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпыға бірдей негізде қаралады; 3) өтініш берушіге қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады. 10. Егер рұқсат осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бүл әрекеттерге шағым жасауға құқылы. 11. Рұқсат өтініш берушіге әрбір жекелеген мәміле бойынша екі жылдан аспайтын кезеңге беріледі. Рұқсат келісім-шартқа (шартқа) енгізілген тауарлар атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір атауына ресімделеді. 12. Уәкілетті орган үш күн мерзімде кеден органына берілген рұқсаттардың көшірмелерін жібереді. Уәкілетті орган рұқсатты куәландыратын уәкілетті адамдар қолтаңбаларының және мөр бедерлерінің үлгілерін кеден органдарының назарына жеткізеді.
13. Рұқсат бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Рұқсат бланкілерінің берілуі арнайы журналда есепке алынады. 14. Рұқсаттар тізілімін жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 1-қосымша
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге РҰҚСАТ
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 2-қосымша
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге РҰҚСАТ БЕРУГЕ ӨТІНІШ
|