Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 294 қаулысымен бекітілген
Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға Алматы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Алматы қаласының бюджетіне бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) метрополитен - қалалық көлік түрі, жолаушыларды тасымалдауға арналған көшеден тыс электрлендірілген темір жол; 2) маршрут - көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы; 3) жолаушы - метрополитен қызметін пайдаланатын жеке тұлға; 4) тасымалдаушы - метрополитенде жолаушыларды тасымалдау бойынша тікелей реттеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|