|
|
|
Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесi берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң «Ақтау теңiз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң «Ақтау халықаралық теңiз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi Кәсiпорын) болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |