Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі» деген бөлім және реттік нөмірі 17, 19-жолдар алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 99, 100, 101, 102-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 106-жол мынадай редакцияда жазылсын: «106. «Қарағандыликвидшахт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Қарағанды қаласы»; «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «1. АЛА - 000079 «Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика ҒЗИ» ААҚ 2. АЛА - 005032 «ТрансПетролеум» ААҚ 3. АЛА - 005039 «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» ААҚ 4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ 5. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖАҚ 6. «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» («КОРЭМ») ЖАҚ 7. ВКО - 002784 «Бұқтырма СЭС» ААҚ 8. ВКО - 001231 «Алтайэнерго» ААҚ 9. ЖМБ - 000962 «Жамбыл электр желісін таратушы компаниясы» ААҚ 10. КРГ - 002979 «Қарағанды электр желісін таратушы компаниясы» ААҚ 11. КСТ - 000011 «Оңтүстік электр желілері» ААҚ 12. ПВЛ - 000600 «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ААҚ 13. ПВЛ - 000718 «Майкөбе разрезі» ААҚ 14. «Екібастұз энергия орталығы» ЖАҚ 15. СКО - 000013 «Көкшетау электр желісін таратушы компаниясы» ААҚ 16. ЮКО - 010230 «Шардара СЭС» ААҚ 17. «Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы» ЖАҚ 18. «Астанаэнергосервис» ААҚ 19. ЗКО - 001292 «Батыстрансгаз» ААҚ 20. ЗКО - 010049 «Қазақгаз» республикалық компаниясы» ААҚ; 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|