Кейбір объектілерді республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы (2006.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің «Республика сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мүліктік кешен ретінде және Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін. ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Алматы қаласы әкімінің республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан ғимаратты және қосымшаға сәйкес мүлікті Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын. ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген объектілерді қабылдап алу-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 415-28-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 470-148-жол алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 45-жол алынып тасталсын; 3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Концерттік ұйымдар» деген бөлімде: реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 қаулысына Қосымша
Республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің тізбесi
|