Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы (2013.18.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленген. 2. Үлгілік қағидалар басқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібі мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда (бұдан әрі - ұйымдар) құжаттаманы басқару тәртібін белгілейді және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамаларға қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|