Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін. 4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1449 Қаулысын қараңыз
Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген
Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|