Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (2013.26.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат): 3-тармақтың төртінші абзацындағы «болып белгіленсін» деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтке болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау; зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаны жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберу және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру; салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тарту; 1 тармақтың 1) тармақшасының 6 абзацы 2009 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енді салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру болып белгіленсін.»; 2) «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде: 2-тармақтағы «9-бабының 1-3-тармақтарында» деген сөздерден кейін «, 22-бабының 3-2-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) паспортының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін, ішкі істер органдарының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ресімделген, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатымен және көз жеткізу үшін түпнұсқасын;»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Зейнетақы жинақтарын алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісіне күдік туындаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы алушыны хабардар ете отырып, тиісті ұйымдарға сұрау жібереді. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мерзімі тиісті ұйымнан жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.»; 13-тармақтағы «аудару жөніндегі» деген сөздер «, аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын, «төлеу» деген сөзден кейін «оларды айырбастау сомаларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі. Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.»; «Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуіне;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасы заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне осы Ереженің 2-тармағына сәйкес: 1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін; 2) арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызмет, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемде зейнетақы төлемдері тағайындалуына;»; 3) ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 848 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қосымша. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 848 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|