Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы (2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысымен бекітілген
Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына және «Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісіміне (КҚЕК) қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2272 Жарлығына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастырудың және осы құрылғылармен жабдықталуға тиісті автокөлік құралдарында тахографтарды қолдану тәртібін анықтайды. ҚР Үкіметінің 2013.31.01. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.08. № 828 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|