Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - «Қазсушар» РМК) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-нің мемлекеттік басқару органы; 2) «Қазсушар» РМК қызметінің негізгі мәні республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалану, суаратын су, ауыз су беру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне «Қазсушар» РМК-нің филиалдарын құруға рұқсат берілсін. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазсушар» РМК-нің жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) «Қазсушар» РМК-нің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 196 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|