Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 580 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасы белгіленсін. 2. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1310 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 620-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
1. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы объекті аумағының шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса: 1) 5-тен астам, бірақ 10-нан көп емес адам қаза болса; 2) 50-ден астам, бірақ 100-ден көп емес адамның тіршілік әрекеті жағдайлары бұзылса; 3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері бес мыңнан он бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай объектілікке жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|