Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3-1) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 2,5 гектар және Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 15,9 гектар жерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын. 2. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|