Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 543 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде: реттік нөмірі 127-жол алынып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 2010.02.03. № 157 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын.
|