Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға; 2) куәландырушы орталықты аккредиттеу - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін уәкілетті органның ресми тануы; 3) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат; 7) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат; 8) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға; 9) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 10) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 11) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі; 12) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам; 13) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі; 14) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 15) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі; 16) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
2-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3-бап. Шетелдік тіркеу куәлігін пайдалану мен шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу 1. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, куәландырушы орталық пен шетелдік тіркеу куәлігі иесінің арасыңда туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу кезінде тіркеу куәлігі берілген мемлекеттің құқығы қолданылады. 2. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) электрондық құжат айналымының тәртібі мен шарттарын айқындайды; 3) уәкілетті органның өкілеттіктерін айқындайды; 4) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуден өткізу ережелерін бекітеді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын бекітеді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкiлеттi орган: 1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын iске асырады; 2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелерi бойынша практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетедi; 4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) куәландырушы орталықтың үлгi ережесін әзiрлеп, бекiтедi; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлейді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын әзірлейді; 9) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері Электрондық құжат айналымы: 1) электрондық құжат айналымының әр түрлі жүйелерінің жұмыс істеуі; 2) деректер жасау, өндеу, сақтау және беру үшін ақпараттық технологиялар қолданылатын қызметтің кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану; 3) кез келген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптері негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.
2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар 1. Электрондық құжат электрондық құралдармен жасалуы, жіберілуі, сақталуы және берілуі мүмкін. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. 2. Электрондық құжат оны ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі. 3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі. 4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі. 5. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 6. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар электрондық құжаттарды пайдалану, қорғау, тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасымен белгіленеді.
8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталады. 9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 1. Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы: 1) куәландырушы орталық тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау үшін осы куәлаңдырушы орталыққа жүгінуге; 2) бірнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуін пайдалануға құқылы. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi. 3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану 1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орыңдалған кезде: 1) тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда; 2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабык, кілтіне заңды түрде иелік еткеңде; 3) электрондық цифрлык колтаңба тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда, бірдей заңдық салдарларға әкеп соғады. 2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтанбаның жабық кілттерін осы кілттер иелерінің келісімінсіз басқа тұлғаларға беруге болмайды. 3. Қол қоюшы тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттікті өз өкіліне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес беруге құқылы.
11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификатталуға тиіс. 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба 1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің өкілеттігі шегінде өздері шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезінде пайдалана алады. 2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттік емес жүйелерінде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен пайдаланылады. 13-бап. Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаны тану Шетелдік тіркеу куәлігі бар шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес немесе тіркеу куәліктерінің тіркеліміне енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында электрондық цифрлық қолтаңба деп танылады. 14-бап. Тіркеу куәлігін беру Тіркеу куәлігін беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді және ол куәландырушы орталык пен электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушылары үшін міндетті болып табылады. 15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны 1. Тіркеу куәлігінде мынадай мәліметтер: 1) тіркеу куәлігінің нөмірі мен оның қолданылу мерзімі; 2) электрондық цифрлық қолтаңбанын иесін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін деректер; 3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті; 4) электроңдық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін жасау үшін пайдаланылатын электроңдық цифрлық колтаңба құралдары туралы деректер; 5) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпарат; 6) тиісті куәландырушы орталықтың реквизиттері болуға тиіс. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша ақпаратты тiркеу куәлiгiне енгiзеді. 16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі 1. Тіркеу куәліктерінің көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады. 2. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін куәландырушы орталықтарда сақтау мерзімі -кемінде бес жыл. 3. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұрағаттық сақтауға түседі. 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері 1. Егер тіркеу куәлігінің иесі тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне қол жеткізу режимі бұзылады деп санаса, ол куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін кері қайтарып алуды талап етуге құқылы. 2. Тіркеу куәлігінің иесі: 1) куәландырушы орталыққа дұрыс ақпарат беруге; 2) тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті пайдалануға; 3) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) электрондық цифрлық қолтаңбаның өздеріне тиесілі жабық кілтін заңсыз қол жеткізу мен пайдаланудан қорғау үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кілттерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтауға міндетті. 18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу 1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық оны мынадай жағдайларда: 1) тіркеу куәлігі иесінің немесе онын өкілінің талап етуі бойынша; 2) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болғанда; 3) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) куәлаңдырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасыңдағы келісімде көзделген жағдайларда; 5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кері қайтарып алады. 2. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде кері қайтарып алады. 3. Тіркеу куәлігін жою кезінде куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің иесін хабардар етуге және тиісті ақпаратты алған кезден бастап кемінде бір күн мерзімде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне өзгерістер енгізуге міндетті.
19-бап. Шетелдік тіркеу куәліктерін тану Шетелдік тіркеу куәлігі тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігі енгізілгеннен кейін, куәландырушы орталық берген Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тіркеу куәлігімен тең танылады. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi 1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. 2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бірнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды 20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия 1. Мемлекеттік техникалық қызмет электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай: 1) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының; 2) куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының; 3) «электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының; 4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының қызмет түрлерін жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары 1. Куәландырушы орталық: 1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды; 2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді; 3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады; 4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды; 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Куәлаңдырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілттері жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу ұшін қажетті барлык шараларды қолдануға міндетті. 3. Куәлаңдырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату 1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылады. 2. Куәландырушы орталық қызметін тоқтатқан жағдайда өз қызметін тоқтатудан отыз күн бұрын өзі қызмет көрсететін электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың бәрін және уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті. 3. Куәландырушы орталықтың қызметін токтату кезінде ол берген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, тіркеу куәліктерінін иелері туралы мәліметтер тіркеу куәлігінің иесімен келісіле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға беріледі. 4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері мен электрондық цифрлық колтаңбаның тиісті кілттері қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиіс. 23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау 1. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда ашады. 2. Тараптардың келісіміне сәйкес жасырын болып табылатын тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер тіркеу куәліктерінің жалпы қол жететін тіркеліміне енгізілмейді. 24-бап. Қазакстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады. Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс. 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң 2003 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|