Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 928 қаулысымен Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 1) «Астана қаласы» деген бөлiм: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-65-жолмен толықтырылсын: «21-65 «Казахстанская правда» республикалық газетi» АҚ»; 2) «Алматы қаласы» деген бөлімде: реттiк нөмiрі 123-1-жол алынып тасталсын; реттік нөмiрi 123-6 «Жас өркен» ААҚ» деген жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 3. «Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетіне» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 224-1-жолдағы «АҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 224-3 және 224-4-жолдар алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 224-21-жолдағы «ЖАҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Өзге де ұйымдар» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 47-жол мынадай редакцияда жазылсын: «47. «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсiпорны»; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 4-жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 6-жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын: «7. «Жалын» журналы» ЖШС»; «Баспа және полиграфия ұйымдары» деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 15 және 16-жолдар алынып тасталсын. |