Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен берсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2016.26.12. № 854 Қаулысымен іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.01.03. № 100 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.10.03. № 112 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.29.07. № 546 Қаулысымен (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|