Қазақстан Республикасының (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қараңыз
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Осы Заң тұрғын жайлардың құрылысына үлестік қатысуы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен олардың құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдігін белгілейді.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) банк-агент - үлескердің депозитін қабылдап алатын екінші деңгейдегі банк; 2) жобалау компаниясы - жарғылық капиталының елу проценттен астамын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын құрылыс салушы қалыптастырған заңды тұлға; 3) кепілдікті мерзім - құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауға және құрылыс объектісін (тұрғын жайды) пайдалану мүмкіндігіне кепілдік беретін уақыт; 4) құрылыс салушы - өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлардың үлестік құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті үлескерлердің ақшасын тарта отырып, әрбір тұрғын жайды салу үшін жобалау компаниясын құру арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) нөлдік цикл - тұрғын жайдың нөл деп алынатын, шартты жобалық белгіден төмен орналасқан бөліктерін салу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешені; 6) пайдалануға беруге рұқсат - мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды қабылдау туралы қол қойылған актісі; 7) тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құрылыс жобасына сәйкес салынған тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) құрамына кіретін, үлескерге беру актіcі бойынша берілетін тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлар. Осындай тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларға жеке меншік құқығы туындаған кезде онымен бір мезгілде тұрғын жайдағы ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік құқығы туындайды; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қzара) 8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу - тараптардың бір тарап тұрғын үй салуды және нәтижелері бойынша екінші тарапқа тұрғын үй-жай түрінде үлесін беруді міндетіне алатын қатынастары; 9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 10) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт - құрылыс салушының, жобалау компаниясының, үлескер мен банк-агенттің арасында жасалатын, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлардың салынуына байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін шарт; 11) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй (тұрғын жай) (бұдан әрі - тұрғын жай) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ ортақ мүлік болып табылатын тұрғын емес үй-жайлардан және өзге де бөліктерден тұратын құрылыс; 12) 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) үлескер - одан әрі жобалау компаниясына аударуға арналған ақшасын банк-агенттегі ағымдағы шотқа (үлескердің депозитіне) енгізу арқылы тұрғын жайларды салуға қатысатын жеке (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) немесе заңды тұлға; 14) үлескердің депозиті - үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізінде банк-агенттегі ағымдағы шотқа банк шоты шартының талаптарымен енгізетін ақша.
2-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстің, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларынан тұрады. 2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттейтін заңнамасы осы Заңда реттелмеген бөлігінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу қатынастарына қолданылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қzара) 3. Осы Заң, мемлекеттік сатып алуды және мемлекет қатысатын компаниялар тұрғын үйдің жүз пайызын сатып алу бойынша жүргізетін және екінші деңгейдегі банктер ашық кредиттік желі негізінде жүз пайыз қаржыландыруды жүзеге асыратын сатып алуды қоспағанда, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысуға жататын барлық қатынастарға қолданылады. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыретіне: 1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органды айқындау; 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органның құзыреті Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган: 1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру ережесін әзірлейді; 5) үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылды 5-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгілік шартты бекітеді; 5-2) тұрын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында: 1) тұрғын жайды салу жөніндегі жобалау компанияларының қызметіне мониторингті жүзеге асырады; 2) жобалау компанияларынан қажетті материалдар мен құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сұратады және алады; 3) анықталған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарады, сондай-ақ құрылыс салушылар мен жобалау компанияларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жобалау компаниясына үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия береді, оның қолданылуын тоқтата тұрады немесе сот тәртібімен одан айырады; 5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асырады; 6) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылыс салушының өз капиталының жеткілікті болуын және жобалау компаниясын біліктілік талаптарына сай тексеруді тоқсан сайын жүзеге асырады; 7) мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша олармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 8) банк-агентпен, құрылыс салушымен және жобалау компаниясымен бірлесіп тұрғын жай құрылысын аяқтаудың мүмкін еместігін айқындайды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап. Құрылыс салушы мен жобалау компаниясының қызметін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бақылауы 1. Құрылыс салушы мен жобалау компаниясы осы Заңның, сондай-ақ оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жағдайда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары: 1) құрылыс салушы мен жобалау компаниясынан анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етеді; 2) құрылыс салушы мен жобалау компаниясына осы Заңның, сондай-ақ оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар жібереді; 3) құрылыс салушыны, жобалау компаниясын және (немесе) олардың лауазымды адамдарын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды. 2. Өздеріне осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының нұсқамасы жіберілген құрылыс салушы мен жобалау компаниясы оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы 1. Құрылыс салушы: 1) кемінде үш жыл тұрғын жайлар тұрғызу, оның ішінде тапсырысшы ретінде тұрғызу тәжірибесіне ие болуға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кемінде жүз пәтерді пайдалануға беруге; 3) кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өз капиталы болуына міндетті. 2. Құрылыс салушы жобалау компаниясының жарғылық капиталына ақша, жер учаскесі, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мүлік түрінде салым енгізеді. 3. Құрылыс салушы үлескерлердің алдында жобалау компаниясының міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады. 4. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және аудиторлық есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына есепті жылдан кейінгі жылдың 30 маусымынан кешіктірмей табыс етуге міндетті. 5. Жобалау компаниясы және үлескер тараптардың келісімі бойынша айқындалатын өз міндеттемелерінің орындалуына қатысты өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы. 6. Жобалау компаниясы тұрғын жайды салу үшін тұрғын жай құрылысы құнының жетпіс бес процентінен аспайтын мөлшерде ақша тартуға құқылы. 7. Шетелдік ұйымдар үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құру арқылы ғана жүзеге асырады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 6-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6-1-бап. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызмет облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жобалау компаниясына әрбір тұрғын жайдың құрылысы үшін беретін, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияның негізінде жүзеге асырылады. 3. Құрылыс салушы осы Заңның 6-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны бірінші кезеңде алған кезде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына ұсынуы үшін жобалау компаниясына беруге міндетті. 4. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия екі кезеңде беріледі. Бірінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия жобалау компаниясы мынадай біліктілік талаптарын: 1) жобалау компаниясына меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінің бар екенін; 2) құрылыстың нөлдік циклі сатысында сараптаманың оң қорытындысымен қоса жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бар екенін; 3) нөлдік циклде құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге рұқсаттың бар екенін; 4) банк-агентпен шарттың бар екенін; 5) тұрғын жайды салу үшін тұрғын жай құрылысы құнының кемінде он бес проценті мөлшерінде немесе кемінде нөлдік циклдегі құрылыс құнына баламалы мөлшерде өз капиталының бар екенін растағанда алты айға дейінгі мерзімге беріледі. Екінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия мынадай біліктілік талаптары: 1) құрылыс объектісі сараптаманың оң қорытындысымен қоса жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бар екені; 2) тұрғын жай құрылысының нөлдік циклінің аяқталғаны; 3) банк-агентте үлескерлердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген, тұрғын жай құрылысы құнының кемінде он бес проценті мөлшерінде депозиттерінің бар екені; 4) құрылысты толық көлемде аяқтау үшін өз капиталының бар екені не тұрғын жай құрылысы құнының кемінде жиырма бес проценті мөлшерінде өз капиталының және инвестормен құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестициялар беру туралы келісімнің бар екені; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсететiн ұйыммен шарттың бар екенi расталған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды пайдалануға қабылдау туралы актiсiне қол қойылғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша: құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзімде тұрғын жай құрылысын ұйымдастыруға және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының кепілдікті мерзім бойына сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді; жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта белгіленген мерзімде тұрғын жайды салуға және оны пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) тиісті үлесін беруге міндеттенеді; үлескер банк шоты шартын жасасуға және үлескердің депозитіне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта келісілген мөлшерде және тәртіппен ақша енгізуге және тұрғын жайды пайдалануға беруге рұқсат болған кезде тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін қабылдап алуға міндеттенеді; банк-агент үлескердің депозитін оған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан төмен емес сыйақы ставкасын есептей отырып, банк шоты шартының талаптарымен қабылдауға міндеттенеді. Үлескер тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін алғаннан кейін банк-агент ақшаны үлескердің депозитінен жобалау компаниясына аударады, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді. Банк-агент жобалау компаниясына үлескерлердің тартылған ақшасы шегінде беретін банк қарызы бойынша сыйақы ставкасы үлескердің депозиті бойынша сыйақы ставкасының, банк-агенттің қарызға қызмет көрсету шығыстарының, қарыз берумен байланысты міндетті талаптар мен төлемдер жөніндегі шығыстардың және салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі шығыстардың жиынтық мөлшерінен аспауға тиіс. 2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасалғаннан кейін оған тараптардың келісімі бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы ұсынатын ақпарат 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу мақсатында өтініш жасаған тұлғаға танысу үшін: 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) құрылыс салушының және жобалау компаниясының атауы және орналасқан жері туралы ақпаратты; 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-1) мыналарды: құрылтайшы заңды тұлғаның атауын; құрылтайшы жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, құрылыс салушының және жобалау компаниясының құрылтайшылары туралы ақпаратты; 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) құрылыс салушыны және жобалау компаниясын - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды; 3) салық төлеушінің куәлігін; 4) 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) құрылыс салушының және жобалау компаниясының тұрғын үй құрылысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруының соңғы жылындағы аудиторлық қорытындыны; 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) жобалау компаниясының үлескерлер ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиясын; 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) аталған объектілердің орналасқан жері, оларды пайдалануға беру мерзімдері көрсетіліп, үш жыл ішінде құрылыс салушы жүзеге асырған тұрғын жайлар құрылысының жобалары туралы ақпаратты; 8) құрылыс объектісі туралы ақпаратты; 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) жер учаскесіне құрылыс салушының немесе жобалау компаниясының тиісті құқығын растайтын құжаттарды ұсынады. 2. Құрылыс объектісі туралы ақпарат: 1) кезеңдер бойынша құрылысқа рұқсатты; 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес объектінің орналасқан жерінің көрсетілуі мен сипаттамасын; 3) құрылыстың кезеңдері және оны аяқтау мерзімдері туралы мәліметтерді; 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) бас мердігердің атауын, осы саладағы жұмыс тәжірибесін, лицензиясының бар-жоғын, ол бас мердігер болып әрекет етіп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері туралы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негізгі мәліметтерді қамтиды.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 9 бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың нысаны және міндетті талаптары 1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шарттың негізінде жазбаша нысанда жасалады, ол есепке алынуға жатады және осы есепке алу кезінен бастап жасалған болып есептеледі. 2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың міндетті талаптары: 1) тұрғын үйді (тұрғын жайды) пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін жобалау компаниясының үлескерге беруіне жататын оның тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес үлескер үшін айқындау; |