Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы бекітілсін. 2. «Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1344 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиамаршруттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау тәртібін белгілейді. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын тұрақты тасымалдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады. Субсидиялауға авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, поштаны және багажды тасымалдаудан түскен кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы алынған айырма жатады. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесінің экономика сыныбы есебінен қолданылады.
2. Субсидиялануға жататын авиамаршруттарды іріктеу тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|