Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру, оның рецидивтік қылмысқа қарсы күрестегі тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесі бекітілсін. 2. Астана, Алматы қалалары Ішкі істері бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармаларының, ішкі істер басқармаларының, көліктегі ішкі істер басқармаларының және арнайы полиция бөлімшелерінің бастықтары: 1) сынақтар қабылдай отырып, қоғамдық қауіпсіздік, криминалдық полициясы, ақпараттық-техникалық қызмет бөлімшелері жеке құрамының және желілік полиция пункттері бастықтарының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін; ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік, криминалдық, көші-қон полициясы және ақпараттық-техникалық қызмет бөлімшелерінің арасында әр тоқсан сайын әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың есебін салыстыруды, сондай-ақ жедел кеңестерде қарай отырып, рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдауды ұйымдастырсын; 2) әкімшілік қадағалауда тұратын және соттылық белгілері бойынша «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қолданысына түсетін адамдардың тарапынан қадағалау ережелері мен белгіленген шектеулерді бұзуды анықтау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауға түсетін патрульдік нарядтардың басшыларын олардың тізімімен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|