Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы (2018.11.01. берілген өзгерістермен)
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 140-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі
ҚР Әділет министрінің 2018.11.01. № 59 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға осы тізбенің 2-тармағында көрсетілген адамдардың кірістерін қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдік валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, үлес) және өзге де кірістің барлық түрлерінен, оның ішінде: 1) қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық айлықақыларға (мөлшерлемелерге) байланысты есептелген жалақыдан; 2) еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақылардың барлық түрлерінен, сондай-ақ еңбек ақы төлеу қоры шегінде үнемделген қаражат немесе тиісті мекемені қамтуға көзделген қаражат есебінен алынатын үстеме ақылардан; 3) еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылардан (ақшалай сыйақылардан); 4) мына: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|