Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2015.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың (келісім бойынша) бiрiншi басшылары, Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2015.11.02. № 55 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|