Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 638 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы үлгі ереженің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 16 шілдедегі № 211 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - ТЖК) мемлекеттік құпиялары бар мәліметтердің сыртқа шығуы мүмкін болатын арналарды анықтау және уақытында жабу, құпия құжаттар мен бұйымдардың жоғалуын болдырмау жөнінде ұсынымдар дайындау үшін құрылатын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің жанындағы алқалық консультативтік орган болып табылады. 2. ТЖК өз қызметінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, осы Ережені және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. ТЖК-ның негізгі міндеттері мен функциялары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|