Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы (2021.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы қаулы 6-тармаққа сәйкес 2021 ж. 30 маусымнан қолданылуы тоқтатылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2018.12.12. № 827 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - пилоттық органдар) тізбесі бойынша пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізіледі; 2) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесіне негізделеді; 3) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу лауазымдық айлықақылар схемасы, сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу, үстемеақылар, өтемақылар, бонустар негізінде жүргізіледі; 4) қызмет бабында пайдалану үшін; 5) пилоттық органдардың қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлері төмендеген жағдайда олардың осы мемлекеттік органдарда еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізілген күнге дейінгі лауазымдық айлықақыларының нақты мөлшерлері сақталады деп белгіленсін. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу; 2) қызмет бабында пайдалану үшін; Бонустарды төлеу бөлігі 2021 ж. 30 маусымға дейін қолданылды 3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|