Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы
Осы редакция 2024 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін. 2. «Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 599 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17133 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|