Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы (2018.20.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 11) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Жүргізуші куәлігі бланкісінің үлгісі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкісінің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін дайындалған және берілген жүргізуші куәліктері олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін. 3. Осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін дайындалған және берілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер көлік құралдарын қайта тіркегенге дейін жарамды болып табылады деп белгіленсін. 4. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды; 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін. 7. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.06. № 459 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Жүргізуші куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|