Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2015.28.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесінде: 18-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде: 22-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын. 2. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта: 21-тармақтың 1 тармақшасының бірінші абзацында «статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|