Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (2013.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс әрі уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган); 2) жергілікті атқарушы орган - облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 3) шетелдік мерзімді баспа басылымы - Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басылатын және тұрақты атауы, ағымдық нөмірі бар, кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 4) таратушы - шетелдік мерзімді баспа басылымдарын меншік иесімен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде Қазақстан Республикасының аумағында таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (филиал немесе өкілдік); 5) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама - таратушыға жергілікті атқарушы орган беретін және таратушы анықтаған аумақта таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауларының тізбесін растайтын құжат (бұдан әрі - анықтама). 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының аумағы) таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. 4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізеді. 5. Жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, таратушы өтініште көрсеткен мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға жіберіп тұрады.
2. Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібi
ҚР Үкіметінің 2013.23.04. № 387 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу үшін таратушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды тапсырады: 1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш; 2) жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама; филиал немесе өкілдік үшін - филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама. Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. 7. Өтініш жергілікті атқарушы органда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады. 8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналына жазба енгізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қояды. 9. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша таратушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес анықтама беріледі не мынадай негіздемелер бойынша бас тартады: 1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген барлық қажетті құжат ұсынылмаса; 2) өтініште толық немесе дұрыс ақпарат көрсетілмесе; 3) таратушыға қатысты қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса; 4) шетелдік мерзімді баспа басылымдары өніміне қатысты оларды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болса. 10. Анықтаманы жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда өтініш берушіге еркін нысандағы жазбаша өтініш беру арқылы жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімі ішінде, оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар жаңа нөмір берілген анықтаманың телнұсқасы беріледі. 11. Анықтама алынған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды. Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген таратушыға немесе таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарына қатысты мәліметтер берілген анықтаманың қолданылу уақытында өзгерсе, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган таратушының жазбаша үндеу бойынша жаңа анықтаманы алу туралы өтінішін қарастырады. 12. Анықтаманың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган таратушының өтініші бойынша жаңа анықтаманы береді.
ҚР Үкіметінің 2013.23.04. № 387 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу қағидаларына 1-қосымша
_____________________________________________________________________ (өтінішті тіркейтін органның атауы және мекенжайы) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа
Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды сұраймын. Таратушының деректері: ________________________________________________________________________________________________________ (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы) ________________________________________________________________________________________________________ (ЖСН/БСН) ________________________________________________________________________________________________________ (тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық поштасы)
Қосымшалар: 1. ____________________________________________________________ 2. ____________________________________________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы М.О. 20__ ж. «___» _____________________
таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу қағидаларына 2-қосымша
Есепке алу журналы
таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу қағидаларына 3-қосымша
___________________________ ___________________________ (таратушыға анықтама берілген жергілікті атқарушы органның атауы)
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама
Осы анықтама «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес _________________________________________________________________________________________________________ берілген (таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны) және шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 20___ж. «___» __________ бастап есепке алынғанын растайды. Шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының толық тізбесі: 1. ________________________________________________________________________________________________________________ 2. ________________________________________________________________________________________________________________ 3. ________________________________________________________________________________________________________________ 4. және т.б. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы: __________________________________________________________________________________________________________________ Осы анықтама 20___ ж.«___» ____________ дейін жарамды.
Орган басшысы қолы
МО 20__ ж. «___»_______________
|