Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінін аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Алматы облысының ерекше экологиялық, ғылыми және рекреациялық құндылығы бар бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру және оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер санатынан (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери полигоны) жалпы алаңы 3767,7 га жер учаскесі алынсын. 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі және Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумағындағы жалпы алаңы 30132,3 га босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін. Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын. 3. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін. 4. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде: «Алматы облысы» деген бөлімінің реттік нөмірі 20-жолының 3-бағанында «93150» деген сандар «127050» деген сандармен ауыстырылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 121 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне Алматы облысының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
|