Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 685 Қаулысы (2018.02.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 685 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейбіт уақыттағы ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар.»; орталық аппараттың функцияларында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|