Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 111-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста су беру әдістерін және су пайдаланушылардың: 1) суды үнемдеп пайдалануды қамтамасыз ететін суарудың озық технологияларын (тамшылап суару, жабық желілермен суару); 2) гидромелиоративтік жүйелерді қазіргі заманға лайық басқару әдістерін (ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - АСТК), гидромелиоративтік кондоминиумдар); 3) суды есепке алудың аттестатталған құралдарын енгізу шарттарын ескере отырып, саралап белгілейді.»; 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Сондай-ақ қажет болған кезде: ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған құрылыстардың, жабдықтар мен құрылғылардың белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық паспорттарының көшірмелері (нотариалды куәландырылған); осы су пайдаланушы мүшесі болып табылатын АСТК Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; суды есепке алудың аттестатталған құралдарының болуы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.»; Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында: көрсетілген қаулыға 109-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде: реттік нөмірі 5-жолдың 5-бағанындағы «қызметтердің құнын» деген сөздерден кейін «40 %» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 506 қаулысына 1-қосымша
Ережеге 1-қосымша
20__жылғы ______________ кезеңде _____________________ субсидияланған тарифтер бойынша суару үшін су пайдалануға арналған өтінім
1. Су пайдаланушы ________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) 2. Суарылатын жердің болуы _______________________________га оның ішінде пайдалану көзделіп отырған ___________________га
3. Су тұтыну көлемі, барлығы ________________________ мың м3, оның ішінде вегетациялық кезең _______________________ мың м3; вегетацияаралық кезең ___________________________ мың м3. Су пайдаланушы: ________________________ агроқұраманың басшысы ________________________ өтінім берілген күн
Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусыщағы № 506 қаулысына 2-қосымша
Ережеге 2-қосымша
«БЕКІТЕМІН» Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) _______________________ 20__ жылғы «__» ____
Суару үшін су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі _____________________________ 20 жылғы ___________________. (су берішінің атауы) (айы)
кестенің жалғасы
|