Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2014.04.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 30 шілдедегi № 807 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат): Туризм жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн: Есiмов - Қазақстан Республикасы Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Исаев - Қазақстан Республикасының Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын. 4. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат): 3-тармақтағы «Жергіліктi атқарушы органдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Yкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде: 4-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында «ұсыныстар» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн: Әйтімова - Қазақстан Республикасы Бірғаным Сарықызы Премьер-Министрiнің орынбасары, төрайым Алтаев - Қазақстан Республикасының Базарбай Еркебайұлы Мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы, хатшы Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Білім Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлiгі Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры; «Аманшаев Ермек Әмiрханұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрi, хатшы» деген жолда «хатшы» деген сөз алынып тасталсын; көрсетiлген құрамнан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы, Ақышев Кемел Ақышұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын. |