Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 796 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдердің тізбесі
1. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 337-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 338-құжат). 3. «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1167 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 805-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|