|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы (2022.12.05. берілген өзгерістермен)
ҚР 2022 жылғы 24 қарашадағы № 159-VII Заңымен күші жойылды
2022.12.05. № 120-VII ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2022 жыл – 4 030 000 000 мың теңге; 2023 жыл – 2 200 000 000 мың теңге; 2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталсын. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 қараша № 76-VII
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |